Темекі шегу және шылымқор

Темекінің зиянын біле тұра, адам не себепті темекі шегуді жалғастырады?

Никотинге деген тәуелділік темекі шегетін адамды темекі шегуге мәжбүрлейді:

«Темекі маған босаңсуға көмектеседі»
Негізінде, темекі шегу адам ағзасына кері әсерін тигізеді:
— жүректің жиырылу жиілігі артады,
— тыныс алу жиілейді,
— қан қысымы артады.
Онда не себепті көптеген темекі шегетін адамдар темекі босаңсуға көмектеседі деген пікірге келеді?

1-ші себеп: Дофамин
Шылымқорға жайлылық сезімі дофаминнің арқасында келеді. Дофамин – бұл ләззат сезімінің пайда болуына жауап беретін зат. Темекі шеккеннен кейін миға түсетін никотин ми рецепторларымен байланысады және дофаминнің бөлінуіне әкеледі. Дофаминнің бөлінуінен кейінгі ләззат сезімі, шылымқорға алғашқы тартымнан кейін «босатты», «жіберді» деп айтуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл сезім ұзаққа созылмайды.

2-ші себеп: Үзіліс
Темекі шегу үшін адам өзіне үзіліс жариялайды - мысалы, жұмыс кезінде. Адам айналысатын іс күйзеліске себепші болады, себебі адам өзінің бар ойын тек осы іске ғана бағыттайды, ал үзіліс «осы ойды» үзуге, яғни «тынығуға» себепші болады. Темекі шегетін адам өзіне «шаршадым, темекі шегіп алайын» немесе «темекі шегіп алғаннан кейін аяқтаймын», «темекіге үзіліс жасайық» деп жиі айтады. Мұның бәрі, қалай болғанда да, «үзіліс», ал «үзіліс» әдетте жағымды эмоцияларды тудырады.

3-ші себеп: Ауысу
Темекі шегу процессі, темекі шегетін адам айналысып отырған істен ерекшеленетін «басқа» процесс болып табылады. Демек, темекі шегу – бұл адамға қысқа уақытқа басқа іске ауысуға (яғни, «қайта қосылуға») мүмкіндік беретін процесс.

4-ші себеп: Ұнайтын іс
Шегетін адамға темекі шегу ұнайды, себебі ол темекі шегу оған босаңсуға көмектеседі деп есептейді: 1-ші себепті қараңыз.

Егер Сіз шылым шегуден бас тартқыңыз келсе, Сізге ОСЫ ЖЕРДЕ кәсіби көмек көрсетіледі.
‘For smokers who don’t want to quit - one step at a time» кітапшасынан алынып қолданылған. Канадалық онкология қоғамы. Canada.ca


PP-CHM-CCR-0046

Өзінің Қазақстан Республикасындағы Филиалы арқылы әрекет ететін Pfizer Export B.V (Пфайзер Экспорт Би Ви ) компаниясы. 2020

Бұл сайтта ұсынылған ақпарат түрлі аурулар мен оларды емдеу әдістері туралы жалпы ақпаратты қамтиды Мұндай ақпарат тек ақпараттық мақсатта ғана ұсынылады және емдеуші дәрігердің немесе басқа да білікті медициналық қызметкердің кеңестерінің орнын алмастырмайды. Тұтынушылар сайтта көрсетілген ақпаратты диагноз қою мақсатында пайдаланбауы керек. Тұтынушылар, қажет болған жағдайда, әрдайым өз емдеуші дәрігерлерімен кеңесу керек.

Пфайзер логоPfizer сәйкестенімі
PP-CHM-CCR-0046

Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би Ви) компаниясы
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ.,Назарбаев д-лы.
100/4 Тел +7 727 250 42 01

ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЖЕҢУ

Темекі шегетін адамға арналған жаднама

Жүктеу

Пайдалы мақалалар

Темекіні тастағысы келетін адамдарға арналған кеңестер

Темекіні тастаудың пайдалары

Темекі шегудің ағзаға қалдыратын салдары

Темекі шегу және дене белсендігі

Сөйлесіңіз, сөйлесіңіз және тағы да сөйлесіңіз!

Темекі шегу оны шегетін адамның жақындарына әсер етеді

Сізде тәуелділік бар ма?