Темекіден бас тартуға аргументтер мен фактілер

Темекіні неден жасайды

Темекі жасалатын компоненттердің көбін өндірушілер жану процессін, дәмді және тәуелділікті арттыру үшін қосады. Темекінің үш негізгі компоненті: никотин, шайыр және иісті газ.

Жалпы алғанда, темекінің құрамында 600-ге жуық зат бар, олардың жану барысында 4000-нан астам химиялық қосылыс түзіледі, олардың көпшілігі улы, ал 70-ке жуық қосылыс қатерлі ісік ауруларын туғызады.

Негізгі компоненттер туралы ақпарат:

Никотин - бұл темекіден алынатын, тәуелділік туғызатын табиғи зат. Жанған/ қыздырылған/буланған өнімді жұтқан кезде темекінің немесе никотин жеткізу құрылғысының бір компоненті ретінде никотин өкпеге барып түседі, ол жерде ол қанмен араласып, бірнеше секунд ішінде қан ағымымен миға жетеді.

Шайыр - темекі шегетін адамның өкпесінде жиналатын, тісте дақ қалдыратын және саусақ ұшында қалып қалатын зат. Шайыр деп ағзаға темекі түтінімен бірге түсетін барлық бөлшек түрлері аталады. Дәл осы бөлшектер қатерлі ісік тудыратын заттар ретінде белгілі.

Иісті газ (көміртегі монооксиді) - бұл темекінің жану кезінде бөлінетін улы газ. Тыныс алған кезде иісті газ шылымқордың өкпесіне түсіп, қанмен араласып, ағзаға шылымқодың жүрегі мен басқа да органдарына оттегі жеткізуге мүмкіндік бермейді. Осы себепті шылымқордың жүрегі жиі жиырыла бастайды, өйткені иісті газ оттегінің ағзаға қажетті мөлшерде түсуіне кедергі келтіреді.

Егер Сіз шылым шегуден бас тартқыңыз келсе, Сізге ОСЫ ЖЕРДЕ кәсіби көмек көрсетіледі.
Дереккөз: «For smokers who don’t want to quit - one step at a time» брошюрасынан бейімделген. Канадалық онкология қоғамы, canada.ca


PP-CHM-CCR-0046

Өзінің Қазақстан Республикасындағы Филиалы арқылы әрекет ететін Pfizer Export B.V (Пфайзер Экспорт Би Ви ) компаниясы. 2020

Бұл сайтта ұсынылған ақпарат түрлі аурулар мен оларды емдеу әдістері туралы жалпы ақпаратты қамтиды Мұндай ақпарат тек ақпараттық мақсатта ғана ұсынылады және емдеуші дәрігердің немесе басқа да білікті медициналық қызметкердің кеңестерінің орнын алмастырмайды. Тұтынушылар сайтта көрсетілген ақпаратты диагноз қою мақсатында пайдаланбауы керек. Тұтынушылар, қажет болған жағдайда, әрдайым өз емдеуші дәрігерлерімен кеңесу керек.

Пфайзер логоPfizer сәйкестенімі
PP-CHM-CCR-0046

Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би Ви) компаниясы
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ.,Назарбаев д-лы.
100/4 Тел +7 727 250 42 01

ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЖЕҢУ

Темекі шегетін адамға арналған жаднама

Жүктеу

Пайдалы мақалалар

Темекіні тастағысы келетін адамдарға арналған кеңестер

Сізді темекіні тастауға мәжбүрлеуге әрекет жасап жүргендер бар ма?

Қолайлы уақыт

Айналадағы адамдарға темекі шегетін адам зиян келтірмейді

Темекіні тастаудың пайдалары

Темекі шегу неден басталады?

Темекі шегу және дене белсендігі