Темекі түтінінің құрамындағы заттар қоршаған адамдарда демікпе, жүрек аурулары мен эмфиземаны туғызады.
Ырықсыз темекі түтініне шалдығатын балаларда демікпе, бронхит, созылмалы құлақ қабынулары және аллергиялық реакциялар сияқты аурулар жиі кездеседі.
Ырықсыз темекі түтініне шалдығатын үй жануарларында қатерлі ісік аурулары және денсаулықпен байланысты басқа да проблемалар жиі туындайды.
Дүниеге нәресте әкелуді жоспарлау кезінде темекі шекпейтін ерлі-зайыптылармен салыстырғанда, бір жолдасы немесе екі жолдасы да темекі шегетін ерлі-зайыптыларда келесілердің орын алу қаупі жоғары болатындығын есте ұстаған жөн:
- Түсік тастау, шала туылған немесе өлі туылған баланың дүниеге келуі;
- Салмағы жеткіліксіз нәресте туылуы (бұл балада жүрек ауруы, инсульт, жоғары қан қысымы, семіздік және диабет даму тәуекелінің жоғары деңгейімен ассоцияланады);
- Баланың «қоянжырықпен» не «қасқыр ауыз» болып туылуы;
- Кенеттен болатын нәресте өлімі синдромы (КНӨС).
Маңызды: Жақсы жаңалық – темекі шегетін адам темекіден бас тартуға шешім қабылдап, сол шешімін ұстану арқылы жағдайды өзгерте алады.
Егер Сіз шылым шегуден бас тартқыңыз келсе, Сізге ОСЫ ЖЕРДЕ кәсіби көмек көрсетіледі.
Pfizer сәйкестенімі
























