«Сізді мінейтіндерге немесе мазақ ететіндерге, жағымсыз пікір айтатындарға Сізге нақты не керектігі туралы айтыңыз»
Олар Сізге қалай көмектесе алатынын білмейтіндіктен Сізбен ұрысады және Сізді мінейді. Сізге олардың тыныштық беруін қаласаңыз да, Сізге нақты не керектігін оларға жеткізудің жолын табыңыз.
«Өзіңіздің нені және қалай сезетініңіз туралы айтыңыз»
Темекіге әуестігіңіз туралы тағы бірде біреумен әңгіме қозғаған кезде нені және қалай сезетініңіз туралы түсіндіру үшін төмендегі пайымдауларды пайдалануға тырысыңыз:
— «Менің темекіге әуестігім туралы не ойлайтыныңды/пікіріңді түсінемін және мені уайымдап жүргеніңді бағалаймын»
— «Сен ұрысқан кезде мені мінеп жатқан тәрізді көрінесің, сондықтан өзімнің нені және қалай сезетінім туралы сенімен ашық сөйлесе алмайтын сияқтымын»
— «Маған қысым жасаған сайын, менің көңілім түседі. Сол себептен бұл туралы сенімен талқылау және осы әдетіммен күресу ниетім азая түседі»
— «Егер біз бұл туралы тып-тыныш сөйлесе алсақ, мен үнемі қорғануға мәжбүр болмаймын және әңгімемізден нәтиже шығар еді»
— «Темекінің маған зиян тигізіп жатқанын білемін және осының біле тұра темекі шегуді жалғастырып жатқаным үшін маған ренжитініңді түсінемін. Алайда мен үшін сенің мынаны түсінгенің маңызды – мен темекіге тәуелдімін және оны тастау мен үшін өте маңызды және ауыр шешім»
«Темекі тастау туралы айтыңыз»
Сондай-ақ айналаңыздағы адамдарға темекіні тастайтыныңыз туралы айтуға тырысыңыз:
— «Темекіні тап қазір тастаймын деп ойлап жүрген жоқпын, бірақ егер тастаймын деп шешсем немесе жоспарласам, сенің көмегіңе сене аламын ба?»
— «Темекіні тастауды ойлап жүрмін, бірақ қазір емес. Алайда егер тастаймын деп шешетін болсам, маған сенің көмегін керек болуы мүмкін. Сол кезде саған сенсем бола ма?»
Егер Сіз шылым шегуден бас тартқыңыз келсе, Сізге ОСЫ ЖЕРДЕ кәсіби көмек көрсетіледі.
Pfizer сәйкестенімі
























