Темекі шегудің зияны туралы кеңестерден «шаршағандарға» арналған бөлім

Айналадағы адамдарға темекі шегетін адам зиян келтірмейді

Темекі шегетін адам айналасындағы адамдарға зиян келтірмейді, зиянды келтіретін темекі шегу кезінде бөлінетін түтін, иіс және басқа да заттар.

Көп жағдайда белгілі бір орындарда темекі шегуге қойылған тыйымдар немесе темекі шегумен байланысты шектеулер Сіздің немесе Сіздің темекі шегетін жақын адамыңыздың ашуына тиеді. Темекі шегуге арналған орындарға шектеу қоятын заңнамалық тыйымдар бара-бара көбейіп жатыр. Бұл сол орындарды пайдаланатын адамдар үшін темекі шегетін орындарды қауіпсіз ету үшін жасалып отыр.

Мұндай тыйымдардың мынадай жерлерде салынуы өте орынды:
- Саябақтар, ойын алаңдары, жағажайлар;
- Жұмыс орындары;
- Ішінде балалар немесе темекі шекпейтін адамдар болуы мүмкін Сіздің көлігіңіз немесе Сіздің темекі шегетін дақы адамыңызды көлігі;
- Спорттық құрылыстар немесе көпшілік қолданатын орындар;
- Көпшілік қолдануға арналған ашық алаңдар;
- Тұрғылықты жерлер;
- Оқу орындары;
- басқалар.

Қалай болғанда да, Сіздің немесе Сіздің темекі шегетін жақын адамыңыздың мұндай тыйымдардың темекі шегетін адамның өзі үшін пайдалы екенін түсінгеніңіз өте маңызды. Тыйымдар темекі шегудің нәтижесінде бөлінетін түтінге/иіске/зиянды заттарға қатысты. Бұл тыйымдар темекі шегетін адамдардың өздерін шектеу үшін салынбайды. Олар темекі шегудің нәтижесінде бөлінетін түтіннен/иістен/зиянды және аса қауіпті заттардан басқаларды қорғау үшін қажет.

Егер Сіз шылым шегуден бас тартқыңыз келсе, Сізге ОСЫ ЖЕРДЕ кәсіби көмек көрсетіледі.
Дереккөз: "For smokers who don't want to quit - one step at a time" кітапшасынан алынып қолданылған. Канадалық онкология қоғамы canada.ca


PP-CHM-CCR-0046

Өзінің Қазақстан Республикасындағы Филиалы арқылы әрекет ететін Pfizer Export B.V (Пфайзер Экспорт Би Ви ) компаниясы. 2020

Бұл сайтта ұсынылған ақпарат түрлі аурулар мен оларды емдеу әдістері туралы жалпы ақпаратты қамтиды Мұндай ақпарат тек ақпараттық мақсатта ғана ұсынылады және емдеуші дәрігердің немесе басқа да білікті медициналық қызметкердің кеңестерінің орнын алмастырмайды. Тұтынушылар сайтта көрсетілген ақпаратты диагноз қою мақсатында пайдаланбауы керек. Тұтынушылар, қажет болған жағдайда, әрдайым өз емдеуші дәрігерлерімен кеңесу керек.

Пфайзер логоPfizer сәйкестенімі
PP-CHM-CCR-0046

Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би Ви) компаниясы
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ.,Назарбаев д-лы.
100/4 Тел +7 727 250 42 01

ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЖЕҢУ

Темекі шегетін адамға арналған жаднама

Жүктеу

Пайдалы мақалалар

Темекіні тастағысы келетін адамдарға арналған кеңестер

Қолайлы уақыт

Топырақты және мемлекеттің су ресурстарын ластау

Дневник некурящего человека

Темекінің зиянын біле тұра, адам не себепті темекі шегуді жалғастырады?

Темекі шегу оны шегетін адамның жақындарына әсер етеді

Ағаштарды кесу