Таңдау: «Темекіден бас тарту»

Қолайлы уақыт

Темекі шегетін адамның темекіні таңдауының себептері көп – кейбірі оған өте маңызды болып көрінеді, тіпті темекі шекпейтін адам үшін маңызды болып көрінгеннен де артық көруі мүмкін. Бұрындары темекіге әуестік темекі шегетін адамның өмірінің бір бөлігі болып саналмайтын, алайда денсаулығына төндіретін қаупіне және темекі шегумен байланысты салдарына қарамастан, темекі шегу оны шегетін адамның өмірінің маңызды бір бөлігі болып қалып отыр.

Темекі шегетін адам шешім қабылдап, никотинге тәуелділіктен өзін босатуды таңдаған кезде оған қолдау қажет болады.

Осындай сәтке жеткен кезде және темекі шегетін адам таңдау жасаған кезде оның денсаулығына зиян тигізген әсерді кері қайтаруға әлі де кеш болмайды.

Мынаны есте сақтаңыз.
Таңдау жасайтын уақыт әлі келмеген болуы мүмкін. Алайда ол «мәңгілікке»темекі шегетін адам болып қалуды ойлап жүрмеген болар. Темекіге көзқарасын өзгертетін уақыт келген кезде ол міндетті түрде соны сезеді және қажетті таңдауын жасайды.

«Секіру»
Темекі шегетін адам темекіні тастау туралы шешімнің шыңына жеткен болса және қазір: «Секірейін бе, жоқ па» деп ойланып жүрген болса – шешімнің дұрыстығы туралы білудің ең тиімді жолы – бұл «секіру». Темекіні тастау – бұл темекі шегетін адам үшін, әсіресе егер ол адам оны не күтіп тұрғанын білетін болса, күрделі және қорқынышты шешім.

«Мен темекіге тым беріліп кеткенмін» Бұл шын қорқыныш. Никотиннің героинмен және кокаинмен салыстыруға болатын аддитивті әлеуеті жоғары (үйрену әлеуеті). Алайда осы тәуелділікті ауырсынбай жеңуге көмектесетін медициналық заттар бар. Олар туралы тек қана дәрігерлер біледі. Олардан бар болғаны көмектесуін сұрау керек.

«Мен темекіні тастаймын...»
Темекі шегетіндердің көбі оны денсаулыққа зиян екенін біледі, алайда олар өміріндегі белгілі бір күндермен ұштастырып, темекіні тастауды кейінге қалдыра береді. Бірақ темекіні тастау – өте күрделі процесс. Белгіленген күні бірден темекіні тастау қолдан келмеуі мүмкін. Темекі шегетін адам өмірінде орта есеппен 7 рет темекі тастауға әрекеттенеді (Марк Твенді есептемегенде): кейбірі жеңіске жетеді, кейбірі жеңіледі. Кеш қалмау үшін «секіруіңізді» ұзаққа созбаңыз.

«Мен анда-санда/кейді/достарыммен отырғанда темекі шегемін, маған темекіні тастауды аса қажеті жоқ»
Темекі шегудің қауіпсіз деңгейі болмайды. Тіпті темекі шегетін адам басқа темекі шегетіндерге серік болу үшін анда-санда шеккеннің өзінде онкологиялық аурулардың, жүрек ұстамасының және өкпе ауруларының пайда болу қаупі өте жоғары болады. Оған қоса, темекі шегетін адамның «кейде жеңіліп», «тұрақты темекі шегетіндердің» қатарына кіру қаупі сақталып тұрады.

Егер Сіз шылым шегуден бас тартқыңыз келсе, Сізге ОСЫ ЖЕРДЕ кәсіби көмек көрсетіледі.

Дереккөз: "For smokers who don't want to quit - one step at a time" кітапшасынан алынып қолданылды. Канадалық онкология қоғамы. Canada ca


PP-CHM-CCR-0046

Өзінің Қазақстан Республикасындағы Филиалы арқылы әрекет ететін Pfizer Export B.V (Пфайзер Экспорт Би Ви ) компаниясы. 2020

Бұл сайтта ұсынылған ақпарат түрлі аурулар мен оларды емдеу әдістері туралы жалпы ақпаратты қамтиды Мұндай ақпарат тек ақпараттық мақсатта ғана ұсынылады және емдеуші дәрігердің немесе басқа да білікті медициналық қызметкердің кеңестерінің орнын алмастырмайды. Тұтынушылар сайтта көрсетілген ақпаратты диагноз қою мақсатында пайдаланбауы керек. Тұтынушылар, қажет болған жағдайда, әрдайым өз емдеуші дәрігерлерімен кеңесу керек.

Пфайзер логоPfizer сәйкестенімі
PP-CHM-CCR-0046

Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би Ви) компаниясы
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ.,Назарбаев д-лы.
100/4 Тел +7 727 250 42 01

ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЖЕҢУ

Темекі шегетін адамға арналған жаднама

Жүктеу

Пайдалы мақалалар

Темекіні тастағысы келетін адамдарға арналған кеңестер

Темекі шегудің ағзаға қалдыратын салдары

Сізде тәуелділік бар ма?

Сөйлесіңіз, сөйлесіңіз және тағы да сөйлесіңіз!

Айналадағы адамдарға темекі шегетін адам зиян келтірмейді

Узнайте, как бросить курить

Темекі тұқылдары