Темекі шегу және шылымқор

Сізде тәуелділік бар ма?

Маңызды: Темекі шегетін адам темекіге тәуелді бола бастаған күнін еске түсіре алуы екіталай

Темекі өнімдерінің құрамында никотин тәуелділік туғызатын зат бар. Никотиннің тәуелділік туғызу әлеуеті героин мен никотиндікіне тең келеді. Темекі шегу кезінде, Сіз немесе Сіздің жақын адамыңыз тартым жасаған, темекі, вейп шеккен кезде немесе темекіні қыздырған кезде никотин 7 секундтан кейін-ақ миға жетеді. Темекі шегу арқылы адам мидың никотин дозасына деген келесі қажеттілігін туғызады.

Төмендегі қысқаша тест шылымқордың никотинге деген тәуелділік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Келесі төрт сұраққа жауап берсеңіз жеткілікті, одан кейін Сіз никотинге деген тәуелділік дәрежеңізді өз бетіңізше анықтай аласыз:

1. Орта есеппен күніне 15 не одан да көп темекі шегемін: Иә немесе Жоқ

2. 30 минут ішінде, таңертең, ұйқыдан тұрған соң, бірінші темекімді шегемін: Иә немесе Жоқ

3. Маған қатарынан 4 сағаттан аса темекі шекпей жүру өте қиынға түседі:: Иә немесе Жоқ

4. Темекіні тастауға немесе шегетін темекі санын азайтуға талпынған кезімде, келесі сезімдер туындайды: тітіркену, бас айналу, көңілсіздік, ойымды жинақтау қиын, ұйықтау немесе тамақтану проблемалары пайда болады: Иә немесе Жоқ

Егер барлық төрт сұрақтың жауабы «Жоқ» болса, никотинге деген тәуелділік дәрежесі «төмен» болғаны;

Егер көрсетілген сұрақтардың 1 немесе 2-еуіне «Иә» деген жауап берілсе, никотинге деген тәуелділік дәрежесі «орташа» және темекіні тастау үшін қолдау қажет болуы мүмкін: темекі шегуді тастауға арналған кәсіби кеңес, медициналық көмек немесе ауруды өз бетінше басқару;

Егер 3 немесе 4 сұраққа «Иә» жауабы берілсе, бұл никотинге деген тәуелділіктің жоғары дәрежесін көрсетеді. Бұл жағдайда шылымқорға кәсіби кеңес, медициналық көмек, ауруды өз бетінше басқару немесе осы әдістердің кешені арқылы темекіні тастау үшін қолдау қажет.

Маңызды: толығырақ тест - 10 сұрақтан тұратын Фагестрема тесті, оны әдетте дәрігерлер никотинге деген тәуелділік дәрежесін анықтау үшін қолданады.

Егер Сіз шылым шегуден бас тартқыңыз келсе, Сізге ОСЫ ЖЕРДЕ кәсіби көмек көрсетіледі.
Дереккөз: «For smokers who don’t want to quit - one step at a time» кітапшасынан алынып қолданылған. Канадалық онкология қоғамы. Canada ca


PP-CHM-CCR-0046

Өзінің Қазақстан Республикасындағы Филиалы арқылы әрекет ететін Pfizer Export B.V (Пфайзер Экспорт Би Ви ) компаниясы. 2020

Бұл сайтта ұсынылған ақпарат түрлі аурулар мен оларды емдеу әдістері туралы жалпы ақпаратты қамтиды Мұндай ақпарат тек ақпараттық мақсатта ғана ұсынылады және емдеуші дәрігердің немесе басқа да білікті медициналық қызметкердің кеңестерінің орнын алмастырмайды. Тұтынушылар сайтта көрсетілген ақпаратты диагноз қою мақсатында пайдаланбауы керек. Тұтынушылар, қажет болған жағдайда, әрдайым өз емдеуші дәрігерлерімен кеңесу керек.

Пфайзер логоPfizer сәйкестенімі
PP-CHM-CCR-0046

Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би Ви) компаниясы
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ.,Назарбаев д-лы.
100/4 Тел +7 727 250 42 01

ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЖЕҢУ

Темекі шегетін адамға арналған жаднама

Жүктеу

Пайдалы мақалалар

Темекіні тастағысы келетін адамдарға арналған кеңестер

Темекі шегу неден басталады?

Сөйлесіңіз, сөйлесіңіз және тағы да сөйлесіңіз!

Узнайте, как бросить курить

Қолайлы уақыт

Темекі шегетін адамның әлеуметтік өмірі

Темекі шегу оны шегетін адамның жақындарына әсер етеді