Темекіден бас тартуға аргументтер мен фактілер

Темекі шегудің ағзаға қалдыратын салдары

Темекі шегу оны шегетін адамның денсаулығы үшін тәуекел факторы болып табылады. Әрине, «темекі шегу немесе шекпеу» - бұл әркімнің өз таңдауы. Алайда, шешім қабылдау кезінде адам өзінің таңдауымен байланысты тәуекелдерді де білуі және ескеруі керек.

Темекі шекпейтін адаммен салыстырған, шегетін адамда мынадай ерекшеліктер байқалады:
- Өмір сүру ұзақтығының қысқаруы, орта есеппен 8-10 жылға;
- Өкпенің, ауыз қуысының, көмейдің, ұйқы безінің, бүйректің және қуықтың қатерлі ісіктерінің даму қаупінің артуы;
- Жоғары артериялық қысым, жоғары холестерин деңгейі, өкпе қабынуы (пневмония), тыныс жолдарының аурулары, ойық жаралар және остеопороз жиірек анықталады.

Темекі шегетін адамдарда келесі белгілер жиі байқалады:
- Терең әжімдер, шаштың ерте ағаруы;
- Тістердің сарылығы және түсуі;
- Терінің бөртуі.

Темекі шегетін әйелдерге мыналар ерекше қауіп төндіреді:
- Жатыр мойыны (жатыр денесі) обыры;
- Етеккір келуінің бұзылуы, оның ішінде ауру тудыратын, ретсіз еттекірлер, немесе олардың мүлдем келмеуі;
- Фертильдiлiктің төмендеуі;
- Ерте туындайтын климакс.

Темекі шегетін ер адамдарға мыналар ерекше қауіп төндіреді:
- Эректильдік дисфункция;
- Сперматозоидтар санының азаюы;
- Деформацияланған немесе генетикалық зақымданған сперматозоидтар.

Егер Сіз шылым шегуден бас тартқыңыз келсе, Сізге ОСЫ ЖЕРДЕ кәсіби көмек көрсетіледі.

Дереккөз: «For smokers who don’t want to quit - one step at a time» кітапшасынан алынып қолданылған, Канадалық онкология қоғамы, canada.ca


PP-CHM-CCR-0046

Өзінің Қазақстан Республикасындағы Филиалы арқылы әрекет ететін Pfizer Export B.V (Пфайзер Экспорт Би Ви ) компаниясы. 2020

Бұл сайтта ұсынылған ақпарат түрлі аурулар мен оларды емдеу әдістері туралы жалпы ақпаратты қамтиды Мұндай ақпарат тек ақпараттық мақсатта ғана ұсынылады және емдеуші дәрігердің немесе басқа да білікті медициналық қызметкердің кеңестерінің орнын алмастырмайды. Тұтынушылар сайтта көрсетілген ақпаратты диагноз қою мақсатында пайдаланбауы керек. Тұтынушылар, қажет болған жағдайда, әрдайым өз емдеуші дәрігерлерімен кеңесу керек.

Пфайзер логоPfizer сәйкестенімі
PP-CHM-CCR-0046

Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би Ви) компаниясы
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ.,Назарбаев д-лы.
100/4 Тел +7 727 250 42 01

ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЖЕҢУ

Темекі шегетін адамға арналған жаднама

Жүктеу

Пайдалы мақалалар

Темекіні тастағысы келетін адамдарға арналған кеңестер

Сізде тәуелділік бар ма?

Темекінің зиянын біле тұра, адам не себепті темекі шегуді жалғастырады?

Ағаштарды кесу

Темекі шегу және дене белсендігі

Дневник некурящего человека

Темекіні тастаудың пайдалары