Темекіден бас тартуға аргументтер мен фактілер

Темекі шегу және дене белсендігі

Темекі шегу адамның дене шынықтырумен айналысу және төзімді болып қалу қабілетіне едәуір әсер етуі мүмкін. Темекі шегу, тіпті, шылымқордың баспалдаққа зорға көтерілуіне, балаларымен белсенді ойын ойнай алмауына, төсекте жолдасына жеткілікті көңіл бөле алмауына да әкелуі мүмкін.

Төменде темекі шегуге және дене белсенділігіне қатысты бірқатар мысал келтірілген:

- Темекі шегетін адам темекі шекпейтін адамға қарағанда демікпемен үш есе көп ауырады;
- Темекі шекпейтін адам темекі шегетін адамға қарағанда төзімдірек болады;
- Темекі шегу жүрек қағысының тыныштық күйінде минутына 6-7 соққыға жиілеуіне әкеледі, ал жүктеу кезінде оның барабар үдеуі орын алмайды;
- Темекі шегу бұлшық ет массасын жинауға және сақтауға теріс әсерін тигізеді.

Дегенмен, іс жүзінде бәрі ондай жаман емес. Темекі шегудің кейбір теріс салдарын және олардың шылымқордың ағзасына деген теріс әсерлерін жоюға болады. Мысалы, темекі шегуді тоқтатқаннан кейін бір немесе екі аптадан кейін-ақ тыныс алу қызметі жақсарады. Темекіні тастап, ағзаны сауықтыру жолына аяқ басуға ешқашан да кеш емес.

Бірақ адам темекі шегуді жалғастырса да, дене шынықтырумен айналысуды жалғастыра беру керек. Бұл жағдайда, маманмен жүктеме деңгейі туралы келісіп алған жөн. Төменде адам темекіні тастауға шешім қабылдағанға дейін, темекі шегумен бірге орындай алатын дене белсенділігінің мысалдары келтірілген:

- Ең болмағанда аптасына бір рет боулинг ойнауға болады;
- Йогадан алынған жаттығуларды орындауға болады;
- Лифтті қолданғаннан гөрі, баспалдақпен көтеріліп көруге болады;
- Жұмысқа жаяу баруға болады;
- Велосипед айдауға болады.

Маңызды: Қуатты болыңыз!

Егер Сіз шылым шегуден бас тартқыңыз келсе, Сізге ОСЫ ЖЕРДЕ кәсіби көмек көрсетіледі.

Дереккөз. «For smokers who don't want to quit - one step at a time» кітапшасынан алынып қолданылған. Канадалық онкология қоғамы, canada.ca


PP-CHM-CCR-0046

Өзінің Қазақстан Республикасындағы Филиалы арқылы әрекет ететін Pfizer Export B.V (Пфайзер Экспорт Би Ви ) компаниясы. 2020

Бұл сайтта ұсынылған ақпарат түрлі аурулар мен оларды емдеу әдістері туралы жалпы ақпаратты қамтиды Мұндай ақпарат тек ақпараттық мақсатта ғана ұсынылады және емдеуші дәрігердің немесе басқа да білікті медициналық қызметкердің кеңестерінің орнын алмастырмайды. Тұтынушылар сайтта көрсетілген ақпаратты диагноз қою мақсатында пайдаланбауы керек. Тұтынушылар, қажет болған жағдайда, әрдайым өз емдеуші дәрігерлерімен кеңесу керек.

Пфайзер логоPfizer сәйкестенімі
PP-CHM-CCR-0046

Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би Ви) компаниясы
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ.,Назарбаев д-лы.
100/4 Тел +7 727 250 42 01

ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЖЕҢУ

Темекі шегетін адамға арналған жаднама

Жүктеу

Пайдалы мақалалар

Темекіні тастағысы келетін адамдарға арналған кеңестер

Темекіні неден жасайды

Сөйлесіңіз, сөйлесіңіз және тағы да сөйлесіңіз!

Қолайлы уақыт

Топырақты және мемлекеттің су ресурстарын ластау

Темекі шегу және дене белсендігі

Темекіні тастаудың пайдалары