Темекі шегудің зияны туралы кеңестерден «шаршағандарға» арналған бөлім

Сізді темекіні тастауға мәжбүрлеуге әрекет жасап жүргендер бар ма?

Сіздің өміріңізде Сіздің темекі шегуден бас тартқаныңызды қалайтын біреу бар тәрізді. Мұндай адамдар Сіздің немесе Сіздің жақын адамыңыздың темекіге әуестігі туралы пікір айтқан кезде әдетте жарамсақтықты, көндіруді, келеке етуді және тіпті қорқытуды қолданады. Кейде Сіздің темекі шегетініңізге көңіл бөлмейтін адамдар да кездеседі, алайда олардың тілдесу мәнерінде Сізге деген мінеушілігі байқалады. Сіз мынадай сөздерді естіп пе едіңіз:

Темекіге әуестігің сені құртып жатқанын білмейсің бе?
Темекіні қалайша шеге беруге болады?
Сенен күлсалғыштың иісі аңқып тұр!
Қатерлі ісігіңді қоректендіріп жатырсың ба?
Жай темекіні тастай салуға болмай ма?

Шын мәнінде Сіздің айналаңыздағы адамдар Сізді уайымдайды. Бірақ олар темекіні бір сәтте тастай салу немесе өзін темекі шекпеуге мәжбүрлеу мүмкін емес екенін түсінбейді немесе түсінуге дайын емес. Ал мұндай теріс пікірлер никотинге тәуелді адамға ешқандай көмек көрсете алмайды. Осы сияқты бірер сөз естігеннен кейін Сізге не болады? Мұндай айтылған пікірдің ешқандай да көмектесе алмайтыны былай тұрсын, ол темекі шегетін адамды темекіні тастау туралы ойдан немесе шешім қабылдаудан теріс айналдырады. Темекі шегетін адамға бұлай кінәлағысы келетін немесе тәуелділікті жеңудің қаншалықты қиын екенін түсінбейтін кез келген адаммен темекіні тастау жөнінде сөйлесудің өзі қиынға соғатыны анық. Алайда, дегенмен де, егер Сіз өзіңізді не сезетініңізді және неден қорқатыныңызды түсіндіруге әрекет жасап көрсеңіз олар Сізді түсінуі мүмкін. Және егер де темекі шегетін адам айналасындағы өзінің қымбат жандарына темекіні тастаудың қаншалықты қиын екенін түсіндіруге тырысып көрсе, олар оның сөзінің парқына жетіп, түсінуі әбден мүмкін.

Егер Сіз шылым шегуден бас тартқыңыз келсе, Сізге ОСЫ ЖЕРДЕ кәсіби көмек көрсетіледі.

Дереккөз: "For smokers who don't want to quit - one step at a time" кітапшасынан алынып қолданылған. Канадалық онкология қоғамы. Canada ca


PP-CHM-CCR-0046

Өзінің Қазақстан Республикасындағы Филиалы арқылы әрекет ететін Pfizer Export B.V (Пфайзер Экспорт Би Ви ) компаниясы. 2020

Бұл сайтта ұсынылған ақпарат түрлі аурулар мен оларды емдеу әдістері туралы жалпы ақпаратты қамтиды Мұндай ақпарат тек ақпараттық мақсатта ғана ұсынылады және емдеуші дәрігердің немесе басқа да білікті медициналық қызметкердің кеңестерінің орнын алмастырмайды. Тұтынушылар сайтта көрсетілген ақпаратты диагноз қою мақсатында пайдаланбауы керек. Тұтынушылар, қажет болған жағдайда, әрдайым өз емдеуші дәрігерлерімен кеңесу керек.

Пфайзер логоPfizer сәйкестенімі
PP-CHM-CCR-0046

Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би Ви) компаниясы
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ.,Назарбаев д-лы.
100/4 Тел +7 727 250 42 01

ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЖЕҢУ

Темекі шегетін адамға арналған жаднама

Жүктеу

Пайдалы мақалалар

Темекіні тастағысы келетін адамдарға арналған кеңестер

Темекі шегу неден басталады?

Топырақты және мемлекеттің су ресурстарын ластау

Сөйлесіңіз, сөйлесіңіз және тағы да сөйлесіңіз!

Сізде тәуелділік бар ма?

Ашуға берілмеңіз және дауласпаңыз

Темекіні неден жасайды