Маңызды: Адам өз өміріндегі бірінші темекісін шегіп жатқан кезде, өмір бойы шылымқор болып қалатыны туралы ойланады ма?
Қазір, темекі шегетін адам күніне бірнеше рет темекі шегеді. Бірақ бір кездері бәрі де бір-ақ темекіден басталған болатын. Қазір сол темекі шегетін адам өзінің алғашқы темекісін, алғашқы тартымын есіне түсіре алады ма екен? Мүмкін бұл баяғыда басталған шығар, мүмкін жақында ғана шығар. Сол кезді еске түсіріп, келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз. Егер сіздің жақыныңыз темекі шегетін болса, оған осы сұрақтарды қойып, есіне түсіруге көмектесіңіз.
— Темекіні алғаш шеккен кезімде қайда болып едім?
— Темекіні алғаш шеккен кезімде неше жаста едім?
— Егер жалғыз болмасам, бірінші темекімді шеккен кезде жанымда кім болып еді?
— Темекі шегуді не себепті жалғастырдым?
— Қазір не себепті шегемін?
Темекі шегетін адам ойланып, бұз сұрақтарға өз бетінше – өз-өзіне жауап беріп көру керек. Себебі, өзінің біріншісі темекісін шегіп жатқан кезде, бәлкім, ол адам темекіні бүгінгі күні шегіп жүретінін ойламаған да шығар.
Бұл сұрақтарға жауап беру – темекі шегу неден басталғанын еске түсіруге өз-өзіне мүмкіндік беру дегенді білдіреді. Бұл – темекі шегетін адамның өмірінде темекі қандай орын алатынын және қандай рөл атқаратынын түсіну жолындағы үлкен әрі маңызды қадам.
Темекі шегуге бірінші рет түрткі болған себеп, әдетте, темекі шегетін адамның темекі шегуге түрткі болып жүрген қазіргі себебіне сәйкес келмейтінін түсінген маңызды болып табылады.
Егер Сіз шылым шегуден бас тартқыңыз келсе, Сізге ОСЫ ЖЕРДЕ кәсіби көмек көрсетіледі.
Pfizer сәйкестенімі
























